Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен айыпталған Ә.-ге қатысты қылмыстық ісі қаралды.
Сотта анықталғандай, сотталушы Ә. бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, «Болашақ» базарының ішінде тұрған жәбірленуші К.-ның құны 80 000 теңге қоларбасын жасырын жымқырып, жәбірленуші К.-ға мүліктік зиян келтірген.
Сотта сотталушы Ә. тағылған айыпты толық мойындап, жасаған іс әрекеттеріне шын жүректен өкініп, жәбірленушіге келтірген залалдың орнын қайтарып, медиация заңы бойынша дауды реттеу туралы келісім жасап, жәбірленушімен татуласқанын айтып, қылмыстық істі қысқартуды сұрады.
Сот қаулысымен ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен Ә.-ге қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылып, Ә. қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
Сот қаулысы заңды заңды күшіне енген жоқ.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
10 сәуір 2018 ж. 1 549 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930