Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен айыпталған Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы Ж. алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену мақсатында, жәбірленуші Ж-ның қызын Қазалы қаласындағы балабақшаға тәрбиеші қызметіне жұмысқа тұрғызамын деп соңғының 200 000 теңге ақшасын алдап алып, алаяқтықпен жәбірленушіге 200 000 теңге мүліктік залал келтірген.
Басты сот талқылауында сотталушы Ж. өзіне тағылған айыпты толықтай мойындап, жасаған қылмысына өкінетіндігін, жәбірленуші Ж.-ға келтірген материалдық залалды толығымен өтегенін және медиация тәртібімен татуласқандарын айтты.
Сот қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190- бабының 1-бөлігімен айыпталған Ж.-ға қатысты қылмыстық ісі ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігімен, жәбірленушінің сотталушымен татуласуы негізінде медиация тәртібінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып өндірістен қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
30 қаңтар 2018 ж. 1 397 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031