Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?

  Республиканың басым бөлігінде қатты жел соғып, бұрқасындатады, тұман түседі.
  Бүгін Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан ауа райы язды, жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
  Тек республиканың солтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік-шығысында қар жауады, кей жерлерде қалың қар жауып, жел, бұрқасын, тұман түсіп, көктайғақ болады.
"Отыз бес градус аяз" Синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, түнде екпіні 23 м/с, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерде бұрқасын күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады.

Түркістан, таңертең және күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, тұман түседі, бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасындатады.

Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

https://sputniknews.kz
02 желтоқсан 2018 ж. 1 531 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930