Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 26 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

26 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

26 наурызда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр, қар жауып, кей жерлерде нөсер құяды. Тек елдің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Республиканын оңтүстік бөлігінде кей жерлерде найзағай ойнайды. Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с-ға жетуі ықтимал.
Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, күндіз көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-ға дейін күшейуі күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-ға дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі. Түнде Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын соғады; желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі, таңертең және күндіз найзағай ойнайды.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады; желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
26 наурыз 2018 ж. 1 429 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930