23 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды болады, ал солтүстікте қар жауады. Кей жерлерде екпінді жел соғып, көктайғақ болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.
Павлодар облысында желдің күші секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын жел соғып, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Алматы мен Атырау облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын болады.