28 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жел соғады
Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауып, оңтүстіктің таулы аудандарында мол жауын-шашын түседі. Кей жерлерде екпінді жел тұрып, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 25 м/с болады, түнде кей жерлерінде тұман түседі.
Павлодар, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қарағанды, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.




.jpg)








