Екпінді жел, көктайғақ, бұрқасын – синоптиктердің 29 қараша күнгі болжамы
29 қараша күні Қазақстан территориясы белсенді фронталды аймақтың ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде ол қатты жауады. Жоғары екпіндегі жел сақталады, солтүстікте бұрқасынмен бірге. Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Ақмола облысында жел күшейіп, екпіні 25 м/с жетеді, кей жерлерде 30 м/с және одан жоғары болады. Көктайғақ болуы ықтимал.
Павлодар облысында күндіз жел 15-20 күшейеді, екпіні 25, кей жерлерде 30 м/с асады. Көктайғақ күтіледі. Қостанай облысында 15-20 м/с жылдамдықпен соғатын желдің екпіні 23 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.
Қарағанды облысының жекелеген аумақтарында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болжанады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерін тұман басып, жел 15-20 м/с жетеді.
Атырау, Маңғыстау облыстарындың кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.