Қаржыға қырағылық қажет

Осыған орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Батыс аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы С.Кенжебековтің қатысуымен Қазалы көлік-техникалық колледжінде жиын өтті. Онда мекемеге бөлінген бюджет қаржысын игеру барысында тиісті заңдылықтарды басшылыққа алуды және колледждегі қаржы саласына жауапты мамандардың күнделікті ісіне мұқияттылығын күшейту мәселесі айтылды. Қаржы шаруашылығымен айналысатын тұлғалардың қажеттілігіне қарай білімін жетілдіру ұсынылды.
Саруар Кенжебековтың айтуынша, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық тұрақты түрде зерделеуді, жүйелік ұстанымды, жедел іс-қимылды талап ететін қауіпті құбылыс. Сондықтан құқық қорғау мен барлық жергілікті өзін-өзі басқару қызметі халықпен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Бюджет қаражатын пайдалану барысында заңдылықтарды бұзуға жол бермеу үшін Қазалы көлік-техникалық колледжінің басшылығы тарапынан бақылауды күшейту қажеттігі ескертілді.
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ