Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржыны заңдылықпен игеру міндеттелді

Қаржыны заңдылықпен игеру міндеттелді

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың, қоғамның экономикалық негізіне, заң мен әділдікке, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.
Осыған орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Батыс аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы С.Кенжебековтің қатысуымен Қазалы көлік-техникалық колледжінде жиын өтті. Онда мекемеге бөлінген бюджет қаржысын игеру барысында тиісті заңдылықтарды басшылыққа алуды және колледждегі қаржы саласына жауапты мамандардың күнделікті ісіне мұқияттылығын күшейту мәселесі айтылды. Қаржы шаруашылығымен айналысатын тұлғалардың қажеттілігіне қарай білімін жетілдіру ұсынылды.
Саруар Кенжебековтың айтуынша, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық тұрақты түрде зерделеуді, жүйелік ұстанымды, жедел іс-қимылды талап ететін қауіпті құбылыс. Сондықтан құқық қорғау мен барлық жергілікті өзін-өзі басқару қызметі халықпен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Бюджет қаражатын пайдалану барысында заңдылықтарды бұзуға жол бермеу үшін Қазалы көлік-техникалық колледжінің басшылығы тарапынан бақылауды күшейту қажеттігі ескертілді.
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
26 қазан 2018 ж. 1 027 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930