Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәдина Ералиева көз жұмғаннан кейін денесіне сараптама жасаған дәрігер 18 жылдан соң құпияның шетін ашты

Мәдина Ералиева көз жұмғаннан кейін денесіне сараптама жасаған дәрігер 18 жылдан соң құпияның шетін ашты

Қазақтың күміс көмей әншісі Мәдина Ералиева 2000 жылы қапияда жол апатына ұшырап, ажал құшқан еді. Әншінің ақтық демі таусылар сәтте ол жанында болған адамдарға «қарарсыңдар» деп, соңғы сөзін айтқан.
Ералиеваның соңғы сөзі нені аңғартуы мүмкін екеніндігі көпшілікті толғандырған. Ақыры әнші жалғыз ұлы Әрсенді табыстаған болар деген байламға келген, деп хабарлайды KAZAKH TV арнасына сілтеме жасап Stan.kz.
Ал жол апатының салдарынан мерт болған Мәдина Ералиеваның денесіне сараптама жасаған дәрігер Мағауия Бөкешов 18 жылдан кейін іште сақтап келген құпиясының шетін ашты.
«Жұмыс барысында мамандығым патологанатом болғандықтан, жансыз Мәдинаның мәйітіне медициналық сараптама жасадым да, қортындысын жазған едім»,- дейді Байқоңыр сот-сараптама орталығының жетекшісі Мағауия Бөкешов.
Мағауия Бөкешовтің сөзінше, күнделікті қайтыс болған қаншама адамға сараптама жасап жүрсе де, әншінің мәйітін тексеру барысында таңғалған.
«Сараптама кезінде Мәдинаның қос өкпесі өзге ағзалардан кішкентай ғана екенін көріп таңғалдым. Әр адамның анатомиясы әртүрлі болатыны белгілі ғой. Менің дәрігер ретінде айтарым, әдетте әншілердің өкпесінің шағын немесе үлкен болуы ән айтқанына байланысты болмайды. Бұл ауыз қуысындағы дыбыс шығару жолдарына қатысты. Сараптама қортындысына «көлік жарақаты» деп қорытынды жаздым. Бұл жайт маған да оңай тимеді. Мәдинаны кім танымайды дейсің?! Туыстары мәйітін алып бара жатқанда іштей «иманды болсын» деп, көз жасымды сығып қала бердім», – дейді дәрігер Мағауия Бөкешов.
05 қыркүйек 2018 ж. 1 944 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 129

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031