Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ауылдағы аламан айтыс

Ауылдағы аламан айтыс


Ақжона ауылдық округіне қарасты Майдакөл ауылында белгілі қаламгер, ақын Жетіскен Мәкенәлінің 65 жылдық мерейтойына орай «Елім деп соққан жүрегі» атты аймақтық жас ақындар айтысы өтті.
Шараны аудан әкімінің кеңесшісі Берік Бисембаев ашып, ақын туралы естеліктер айтты. Сонымен қатар, басқа да ел ағалары қаламгердің түрлі қырларына, адами болмысына тоқталды. Ал, ауыл әкімі Ақтілеу Бөріқұлақов болса, айтыстың өтуіне демеушілік жасаған ауыл кәсіпкерлеріне ризашылығын білдіріп, «Алғыс хаттар» табыстады.
Мұнан соң, белгілі айтыскер ақын Ермекбай Ағыраев кеш тізгінін қолына алып, айтыскерлерге сәттілік тіледі.
Кестелі сөзді өлеңмен өріп, өрелі өлең айтқан өрендер бірін-бірі сөзбен қағытып, қазақы қалжың мен астарлы әзілдің көрігін қыздырды.
Нәтижесінде, жас талантты ақын майдакөлдік Мұхаммед-Қанапия Шархан озық деп танылып, бас бәйгені қанжығаласа, бірінші орынды сол ауылдың тумасы Бекзат Әбдіқан еншіледі. Екінші орынды Бекзат Серіков пен Арал ауданынан келген Ұлбала Сейітмұратова иеленсе, үшінші орын кәукейлік Берекет Байсалбай пен Жеңісбек Іскендірге бұйырды.
Кеш соңында марқұм ақынның жұбайы Мәрияш Марданқызы ауыл әкімдігі мен өткізушілерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Барлық жүлдегерлер мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен қаржылай сыйақылар табысталды.
Есет ТАБЫНБАЕВ.
06 желтоқсан 2017 ж. 2 604 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930