Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайраткерге құрмет

Қайраткерге құрмет

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі кәсіпкер-меценат Самұрат Имандосовты қабылдады. Сыр елінің ардақты азаматы мерейлі 70 жасқа толып отыр.
– Самұрат Жұманұлы бүгінде елге парасаттылығымен, іскерлігімен, мінсіз қызметімен, жайсаң мінезімен танылды. Елбасы бастамасымен өңірімізде құрылған Қоғамдық кеңесті басқарып, талапшылдығы мен табандылығының арқасында аяғына нық тұрғызып, қоғамдық өмірдегі орнын қалыптастырды. Самұрат Жұманұлы тәжірибелі де білікті маман, парасатты басшы ретінде республикаға танымал тұлға. Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның мүшесі ретінде бірнеше ұсыныстар енгізе отырып, реформаның маңыздылығын халыққа түсіндіруге елеулі үлес қосты, – деді аймақ басшысы.
Еңбек жолын Қазалы суландыру жүйелері басқармасының инженер-экономисі болып бастаған Самұрат Имандосовтың бастамалары дүйім елдің игілігіне айналған. Әр жылдары «Жер-Су» АҚ вице-президенті, президенті, Қазалы ауданының әкімі қызметін атқарды. Ал 2000 жылдың қыркүйегінен бастап «РЗА» АҚ президенті. Ақционерлік қоғам қазіргі таңда облыс көлеміндегі қуатты техникалық және өндірістік базасы, кәсіби шеберліктері жоғары мамандары, бай материалдық ресурстары бар беделді мекеме.
Ел сеніміне селкеу түсірмеген азамат Жоғарғы Кеңестің 12-шақырылымының, Қызылорда облыстық мәслихатының 2-ші, 3-ші және 4-ші шақырылымдарының депутаты болды.
Облыс әкімі өңірдің экономикалық дамуына, кәсіпкерліктің қанат жаюына қосқан еңбегі үшін Самұрат Жұманұлын Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасымен марапаттады. Мерейтой иесінің иығына жерлестерінің атынан шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.

22 маусым 2018 ж. 1 703 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031