Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды

Жұма күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың  төрағалық етуімен облыстық актив жиыны өтті. 
Жиынды алдымен аймақ басшысы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың облысқа екі күндік жұмыс сапары қорытындысында Сыр өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берілгенін атап өтті. Бұл тұрғыда Премьер-Министрдің жұмыс сапарына байланысты жан-жақты дайындық жұмыстарын өз дәрежесінде жүргізгені үшін облыс әкімдігі аппаратына, басқармалар мен аумақтық инспекция басшыларына, Қызылорда қаласы, Арал және Қазалы ауданы әкімдіктеріне алғысын білдірді. Ендігі кезекте – Үкімет басшысының облысқа жұмыс сапары барысында берілген тапсырмалар бойынша құжаттамалар дайындалып, Премьер-Министр кеңсесінде бекітілуі тиіс. Облыс басшысы бұл жұмыстардың орындалуына бақылау жасауды өзінің орынбасары Қуанышбек Ысқақовқа жүктеді.
Келесі кезекте өңір басшысы кадрлық өзгеріс туралы хабарлады. Облыс әкімінің өкімімен Айдар Абдуалиев облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды. Облыс басшысы А.Абдуалиевтің өмірбаяны мен еңбек жолын таныстырып, оның бірнеше облыста қызмет атқарған тәжірибелі және білікті маман екенін атап өтіп, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ,
«Сыр бойы».
***
Облыс әкімінің өкімімен Абдуалиев Айдар Сейсенбекұлы Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
А.Абдуалиев 1974 жылы туған. Қазақ ұлттық техникалық университетінің Қаратау филиалы мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының оқытушысы ретінде бастаған.
Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының жергілікті атқару органдарында жауапты басшы қызметтер атқарған.
2015 жылдың желтоқсан айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
01 сәуір 2018 ж. 2 338 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 126

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930