Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кентке жаңа әкім келді

Кентке жаңа әкім келді

Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентіне жаңа әкім келіп, Нұрсұлтан Мұратбаев тағайындалды. Кеше аудан әкімі Мұрат Ергешбаев кенттің жаңа басшысын аудан активіне таныстырып, қызметімен құттықтады. Тәжірбиесі мол білікті маманның өзіне жүктелген жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыратынына сенім білдірді.
Жарасхан Нұрсұлтанұлы 1965 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қазақ химия-технологиялық институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы ПМК-86 мекемесінде шебер болып бастаған. 1991-1996 жылдары Қазалы аудандық ауылшаруашылығы өндірістік бірлестігінде техникалық бақылау тобының басшысы, Қазақстан Жастар Одағы Қазалы аудандық комитеті бөлім басшысының орынбасары, Қазалы аудандық әкімшілігінің жастар ісі саясаты және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің меңгерушісі, Қазалы аудандық жастар бірлестігі қорының төрағасы болған. 1996-1998 жылдары «Құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығы директорының орынбасары, 2000-2006 жылдары «Инфракос» кәсіпорынында инженер, «Базис» жер кадастрлау орталығының директоры болып істеген. 2006-2013 жылдары Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару және сәулет-құрылыс бақылау басқармаларының бас маманы, 2013-2016 жылдары Қызылорда облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы, Қармақшы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2016 жылдың мамыр айынан бастап Қазалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Әйтеке би кенті әкімінің бос орнына сайлауға түскен Жарасхан Мұратбаевтың кандидатурасын аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады.
Жаңадан тағайындалған әкімге Әйтеке би кенттік қоғамдық кеңес төрағасы Байғабыл Әбсұлтанов пен аудандық мәслихат хатшысы Күнтілес Назымбеков сәттілік тілеп, жылы лебіздерін ортаға салды.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
01 маусым 2018 ж. 3 028 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 56

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 61

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 47

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930