Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда Польша алмасы өсіріледі

Қазақстанда Польша алмасы өсіріледі

Қазақстанда польшалық алманы өсіруге қолайлы өңірлер зерттелді. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марғұлан Баймұхан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Польша алма өсіруден әлемде үшінші орында, яғни Қытай мен АҚШ-тан кейінгі орында тұр. Қазақстан нарығында Польша алмасының пайда болуы - бұл нарықтың қажеттігімен, тұтынушының сұранысымен байланысты. Алма экспорттау құқығына ие компаниялар біздің елді өздері таңдады, бұл өз кезегінде нарықтық режім. Ал енді елшілік ретінде біздің жұмысқа тоқталсақ, алманы сырттан тасымалдамай, осы өнімді елімізде өсіруге екпін қойып отырмыз. Атап айтқанда, польшалық алма көшеттерін Қазақстанда өсіру бағытында жұмыстарды ұйымдастыру үшін шараларды атқарудамыз. Бұл процесс басталды», - деді Марғұлан Баймұхан. Оның сөзіне қарағанда, кейбір компаниялар көшеттерді өсіру жұмыстарын Қазақстан аумағында бастады. Польшалық агрономдардың ақпаратына сүйенсек, алма өсіру үшін Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары қолайлы. Айта кетейік, қазақстан-польша тауар айналымы 2018 жылдың қаңтар-наурызында 459,9 млн еуроны құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 280,7 млн еуро сомасында болған еді.
inform.kz
22 маусым 2018 ж. 1 557 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 124

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031