Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жұмысшылар ең көп жарақат алатын салалар аталды

Қазақстанда жұмысшылар ең көп жарақат алатын салалар аталды

2018 жылдың алғашқы үш айында өндірістік жарақат алу жағдайының салдарынан 46 адам көз жұмған. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, 2017 жылы еңбек құқығының сақталуына байланысты тексерілген кәсіпорындардағы 1,7 миллион жұмысшының 370 мыңы (әрбір төртіншісі) зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтіні анықталған. «Әрбір екінші қызметкер (44,2 пайыз) жұмыс орнында аса шулы жағдайда еңбек етеді. Ал әрбір үшінші еңбеккер (33,7 пайыз) жұмыс орнында газ бен шаң мөлшерінің белгіленген нормадан көп жағдайына тап болады. 84,6 мың адам ауыр жұмысқа жегілген», - деді Ақмәди Сарбасов. Оның айтуынша, 2017 жылы 673 мыңнан астам жұмысшы зиянды жұмыс орнында еңбек еткені үшін әртүрлі деңгейде өтемақы алған. Осы мақсатта жұмыс берушілер былтыр 170 млрд теңге ақша аударған.
«Өкінішке қарай, зиянды жұмыс орнында еңбек еткені үшін бөлінетін қаражаттың жыл сайын өсіп бара жатқанын байқап отырмыз. 2016 жылдан қарағанда 2017 жылы аталмыш бағытта бөлінетін қаражат 8 пайызға өскен», - дейді ол. Комитет төрағасы сонымен бірге жарақат алу статистикасы туралы мәліметті келтірді. «Жалпы біз мемлекеттік органдар мен әлеуметтік серіктестердің арқасында өндірістік жарақат алу жағдайы төмендеп келе жатқанын көріп отырмыз. Соңғы 3 жылда бұл көрсеткіш 16 пайызға азайды. Десе де, ол жойылып кеткен жоқ. 2017 жылы 1 678 жұмысшы өндірістік жарақатқа душар болған. Оның ішінде өкінішке қарай 244 адам қайтыс болды. 2018 жылдың алғашқы тоқсанына келетін болсақ, 317 өндірістік жарақат алу жағдайы тіркелді. Оның ішінде 46 адам көз жұмды», - деді Ақмәди Сарбасов. Белгілі болғандай, өндірістік жағдайда зардап шеккендердің көбі тау-кен кешендері (16 пайыз) мен құрылыс саласында (15 пайыз) еңбек еткен. «Аймақтар бойынша: Мұндай жағдайлардың көбі Шығыс Қазақстанда тіркеледі. Ол өңірде 2017 жылы 215 адам зардап шеккен. Сол секілді Қарағанды облысында былтыр 190 адам, Павлодар облысында 183 өндірістік жарақат алған», - деді комитет төрағасы.
inform.kz​​​

19 сәуір 2018 ж. 2 446 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930