Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 28 желтоқсаннан бастап ауа райы тұрақталады

28 желтоқсаннан бастап ауа райы тұрақталады

Қазақстан аумағына Сібір антициклоны ықпалын тигізіп 28 желтоқсаннан бастап ауа райы тұрақталады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Қазгидромет» РМК Ауа райының қысқа мерзімді болжамдар басқармасының басшысы Ардақ Қалменова мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Қазақстан аумағындағы ауа райына келер болсақ, қазір құбылмалы ауа райы сақталып тұр. Яғни, Оңтүстік Каспий циклонының пайда болуымен Қазақстанда қарқынды түрде қар жауып жатыр. Бұрқасын, 15-20 м/с екпінді жел және жолдарда көктайғақ байқалады. Осындай ауа райы 2-3 күн бойы сақталады», - дейді Қазгидромет өкілі. Оның айтуынша, 24 желтоқсан күні Қазгидромет және оның филиалдарымен дабылды ескертулер жасалып, барлық мекемелерге осы туралы хабарланған.
«28 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағындағы ауа-райы тұрақталады. Оған Сібір антициклоны ықпалын тигізіп, ауа температурасы төмендейді. Республикамыздың батысында түнгі уақыттарда 10-15 кей жерлерде 20 градус, солтүстік аумақтарда 20-25 кей жерлерде 28, шығысында 20-25 кей жерлерде 30 градус аяз байқалса, оңтүстікте - 5-10 кей жерлерде 15-20 градусқа дейін төмендейді», - дейді Ардақ Қалменова.
26 желтоқсан 2017 ж. 1 421 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031