Қысқы маусымға дайынбыз ба?
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев облыс әкімі Н.Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес жедел штаб құрып, жиын өткізді. Мақсат – коммуналдық салалардың қысқы маусымға дайындық барысын қадағалау. Жиында аудан басшысы ауа райының күрт өзгеріп, салқындауына байланысты қысқы маусымға дайындықты тоқтатпау қажет екенін айтты. Оның үстіне қыстың көзі қырауда ешбір қиындық туындамауы керектігін жеткізіп, сала басшыларына тиісті тапсырмаларды жүктеді.
Аудан басшысы бастаған штаб мүшелері бұдан кейін «Қазалы-Теміржолжылу» филиалына және «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырын пайдаланушы Қазалы өндірістік бөлімшесіне аялдады. Қос мекеменің жұмысынан хабар алып, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі














