Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылу беру маусымына байланысты штаб отырысы өтті

Жылу беру маусымына байланысты штаб отырысы өтті

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен әлеуметтік-мәдени нысандардың жылу беру маусымына дайындығы туралы штаб отырысы өтті.
Отырыста алдағы жылу беру маусымына дайындық барысының қазіргі жағдайы туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов хабарлама жасады.

«Алдағы жылу маусымына жалпы көлемі 20,0 мың тонна қатты отын және 2000 тонна сұйық отынмен жылытылатын әлеуметтік нысандарға қажеттілік жоспарлануда. Оның ішіндегі 4000 тонна әлеуметтік нысандарға, 16000 халық тұтынуына берілетін болады.
Осы аптаның сейсенбі күні көмір тасылмалдаушы кәсіпкерлермен өткен жиын қорытындысымен қатты отын бағасын тұрақты ұстау мақсатында жеткізуші кәсіпкерлермен аудан әкімдігі арасында меморондум жасалды.
Нысандардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу ағымдағы жылдың 15 тамыз-30 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
«Қазалы -Теміржолжылу» филиалы негізгі жылыту түрі газ отыны және резервте 288 тонна мазут бар.
Жалпы аудандағы әлеуметтік-мәдени нысандар мен басқару аппараттарына отын қорын жасақтау үшін барлығы 600,8 млн теңге қаржы қаралған» - дейді бөлім басшысы Мұрат Байғабылұлы.

Жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын пысықтаған аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақовтан, білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешовтен, Қазалы ауданаралық аурухананың бас дәрігері Бақытгүл Әлішевадан, «Қазалы ТеміржолЖылу» мекемесінің басшысы Нұрылда Әбілдаевтан жылу беру маусымы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде сұрады.
Сондай-ақ, тиісті сала басшыларына баға тұрақтылығын сақтау мен 2021 жылдың 1 қазанына дейін жылу қазандықтарын қалпына келтіру, 2021-2022 жылдары жылу беру маусымына дайындық барысына күнделікті мониторинг жасап, аудандық штабқа ұсыну жөнінде тапсырма берді.

Басқосуды қорытындылаған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаевқа аудандық тиісті бөлімдер арқылы жоспарланған жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүргізуді, әлеуметтік нысандар бойынша қажетті отын қорын жасақтауды, коммуналдық төлемдерді жинақтау мен мекемелер арасындағы берешек қарыздарды қайтарып, қарыздар бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
06 тамыз 2021 ж. 482 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930