Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылу беру маусымына дайындық жоғары

Жылу беру маусымына дайындық жоғары

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның «Қазалы-Теміржолжылу» филиалына арнайы барып, жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын көрді.
Аудан орталығы - Әйтеке би кентіндегі бірқатар әлеуметтік нысандар мен жеке секторларды орталықтандырылған жылу энергиясымен «Қазалы-Теміржолжылу» филиалы қамтамасыз етеді.
Бүгінде мұнда жылу маусымына дайындық жұмыстарынан бөлек, мұржа қалпына келтіріліп жатыр. «Қазалы-Теміржолжылу» филиалы директоры Еркін Алпысбаевтың айтуынша, жылу маусымы басталғанға дейін мұржаны аяқтауға толық мүмкіндік бар және оған қажетті жабдықтардың барлығы дайын.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мекеме басшысына әрбір жұмысқа жауапкершілікпен қарап, жылу маусымына дейін барлығын қалыпқа келтіруді тапсырды.
Мұнан соң аудан басшысы Әйтеке би кентіндегі Р.Сабырбаев көшесіне аялдады.
Қазір аталған көшеге түнгі жарықшамдар орнату жұмыстары жүріп жатыр. Т.Бокин көшесінің қиылысынан бастап, “Тесік көпірге” дейінгі аралықты қамтитын көше бойына барлығы - 35 түнгі жарықшам қойылатын болады.
Жұмысқа жауапты мердігер мекеме - “ОрдаМегаСтрой” ЖШС қызметкерлерінің айтуынша, қазір бағаналардың барлығы орнатылуда. Ендігі астына бетон құйылатын болады.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мердігерге жұмысты тез арада аяқтауды жүктеді. Мұнан бөлек, Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаровқа барлығын бақылауда ұстап отыру қажеттігін айтты.
"ҚАЗАЛЫ"ақпарат
15 қыркүйек 2023 ж. 423 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 85

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 81

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 81

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 75

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 151

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930