Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұхтар Оразбаев: "Қысқы жылу маусымына 20 мың тонна қатты отын қажет"

Мұхтар Оразбаев: "Қысқы жылу маусымына 20 мың тонна қатты отын қажет"

Қазалы ауданында қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарына қажетті қатты отынның мөлшері белгіленіп, оны ауданға жеткізу жағы қарастырылуда.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев көмір тасымалдаушы кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуде аудан тұрғындарын қатты отынмен қамтамасыз ету жайы сөз болды.
– Қысқы жылу беру маусымында ауданға 20 мың тонна көмір қажет деп жоспарлап отырмыз. Ауданымызға көмір Қарағанды, Павлодар облыстарындағы кеніштерден тасымалданатындықтан, өзіндік құнының жоғарылайтыны белгілі. Дегенмен біз халыққа қатты отынды қолжетімді бағада ұсынып, тапшылықты болдырмау үшін бірлесіп жұмыс жасауымыз қажет. Бүгін тиісті сала басшыларымен бірге осы мәселелерді өздеріңізбен бірге талқылау үшін кездесіп отырмыз, – деді аудан басшысы.


Басқосуда көмір тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкер Нұрлан Тұрсұмұратов, «Қазалы Тұлпары» ЖШС директоры Мұхтар Тоғымов өз ой-пікірлерін айтты. Кәсіпкерлердің айтуынша ауданға қажетті қатты отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік мол. Жергілікті кәсіпкерлерден бөлек сырттан келіп көмір сатушылар да бар.

Кездесу соңында аудан әкімдігі мен кәсіпкерлер қысқы жылу беру маусымында қатты отын бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында екі жақты меморандум жасасты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
03 тамыз 2021 ж. 520 0

Қазалыдағы қос қуаныш

23 наурыз 2025 ж. 128

Нұршашты көктем жыл басы

23 наурыз 2025 ж. 178

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31