Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауруханалар қысқы жылу беру маусымына дайын

Ауруханалар қысқы жылу беру маусымына дайын

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудан орталығында қос ауруханаға барып, қысқы жылу беру маусымына байланысты дайындық жұмыстарымен танысты.
Аудан басшысы алдымен Қазалы ауданаралық ауруханасына ат басын бұрып, дайындық жұмыстарының барысымен танысты. Бас дәрігер Бақытгүл Әлішеваның айтуынша, Қазалы ауданаралық ауруханасы қысқы жылу беру маусымына тас-түйін дайын.
Аурухананың жылу қазандығы өткен жылы көгілдір отынға ауыстырылған. Қазіргі таңда 3 табиғи отынмен жылытылатын бу қазандығы бар. Сондай-ақ, қосымша 1 сұйық отынмен жылытылатын бу қазандығы дайын тұр. Оған қажетті 10 тонна сұйық отын қоры да қарастырылған.
Сондай-ақ, Бақытгүл Әлмәмбетқызы Қазалы ауданаралық ауруханасына қарасты емдеу мекемелерінің қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары назарда тұрғанын жеткізді.
Аудан басшысы мұнан соң Құбыл Ршымбетов басшылық жасайтын теміржол ауруханасына жол тартты. «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС директоры Құбыл Ршымбетов Мұхтар Әуесұлына емдеу мекемесіндегі жағымды жаңалықтардан хабардар етті.
Білікті дәрігердің айтуынша, жақында ауруханада МРТ орталығы мен ПТР зертханасы іске қосылады. Қазіргі таңда қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып, мамандар қосымша курстан өткен.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев біздің ауданнан ПТР зертханасының ашылуы жағымды жаңалық екенін атап өтті. Бұған дейін аудандағы ПТР тест сынамалары Қызылорда қаласы мен Арал ауданына жөнелтіліп келген болса, енді оның қорытындысын өзіміздің ауданнан да анықтауға болады.
Мұнан соң «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС директоры Құбыл Ршымбетов қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары айтып, бұл бағытта ешқандай мәселе жоқ екендігін тілге тиек етті.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

05 қыркүйек 2021 ж. 662 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 109

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930