Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Шитүбек елді мекеніне арнайы барды

Аудан әкімі Шитүбек елді мекеніне арнайы барды

Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қарашеңгел ауылдық округіне қарасты Шитүбек елді мекеніне арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы атқаратын жұмыс жоспарларымен бөлісті.
Шитүбек елді мекені аудан халқына Водокачка атымен жақсы таныс. Өзінің тарихи атауын өткен жылдың желтоқсан айында қайтарып алды. Ауылдағы 26 отбасында 100-ден астам адам тұрады. Өткен жылы ауылға келетін жол орташа жөндеуден өтіп, гравий тас төселді.
Тұрғындар ауылда мал жайылымдылық жерлердің аздығын айтып, елді мекенге кір беріс жол асфальтталса деген тілектерін жеткізді.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бүгінгі таңда елді мекеннен медпункт салу үшін жобасын дайындауға қаржы бөлініп, жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Алдағы уақытта жолды жөндеудің де көздері қарастырылатын айтты.
Аудан басшысы мұнан соң елді мекендегі «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырын пайдаланушы Қазалы өндірістік учаскесіне қарасты су тазалау және тарату станциясының жұмысымен танысты.
Аудан үшін маңыздылығы жоғары нысанның жұмысы туралы «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырын пайдаланушы Қазалы өндірістік учаскесінің басшысы Әділхан Ахмет айтып берді.
Мекеме басшысының айтуынша су тазалау және тарату станциясына өткен жылы бюджеттен 18 млн теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Елді мекендегі тағы бір су тазалау және тарату станциясы «Қазалы су сервис» МКК-сіне қарайды. Аудан басшысына станция жұмысымен кәсіпорын директорының орынбасары Әзім Ешмұратов таныстырды.

"ҚАЗАЛЫ"ақпарат

15 маусым 2021 ж. 1 168 0

Еңбегі елдің есінде

28 ақпан 2026 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031