Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемге әуен қосқан

Әлемге әуен қосқан

Қазақ қашанда еліне елеулі үлес қосқан, жақсы атты азаматтарды жас ұрпақтың санасынан өшірмеу, үлгі ету мақсатында олар жайлы жиындарда жиі әңгіме қаузап отырған. Жақында дәл осындай жиын аудандық балалар кітапханада өтті. Онда кітапхана ұжымы халық әртісі, композитор Әсет Көпбайұлы Бейсеуовтің туғанына 85 жыл толуына орай "Әлемге әуен қосқан әуелетіп" атты әуенді кеш ұйымдастырды.
Бүгінде жас ұрпақты ел мен жерді, туған топырақты сүюге тәрбиелеу, оған деген құрмет сезімдерін орнықтыру, олардың бойындағы отаншылдық сезімін арттыру, елдің рухын биіктетуді мақсат тұтқан шарада Ү.Түктібаев атындағы №24 орта мектептің 9-сынып оқушысы Гүлсезім Әбдіраш сазгердің өмір жолы мен шығармашылығынан мәлімет берді. Сонымен қатар "Қорқыт Ата" атындағы өнер мектебінің баян класының мұғалімі Қадірбай Нұрдәулет пен музыка мектебінің оқушылары Әсеттің әсем әндерін шырқап, кеш ажарын аша түсті.
Мұнан бөлек “Өнер – тағдыр, өнер – өмір” атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. Кеш соңын аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Индира Әбілқасымқызы қорытындылап, талантты сазгердің шығармашылық жетістіктерін жоғары бағалап, ән әлемінде өзіндік орны, мәртебелі төрі бар екенін атап өтті.
Ән өнері көкжиегіне өзіндік леппен келген дарынды композитордың әндерін орындаған оқырмандарды алғыс хаттармен марапаттап, жылы лебізін білдірді.
Серік АҚМЫРЗА
12 желтоқсан 2023 ж. 224 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031