Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлт жанашыры ұлықталды

Ұлт жанашыры ұлықталды


Биыл қазақтың ұлы ақыны Абайдың көркемдік дәстүрін жалғастырушы, ұлттық сананы оятуға үн қосқан, жалындаған жас ғұмырын елінің болашағына арнаған жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл. Осыған орай аудандық балалар кітапханасында «Азаттықты жырлап өткен ақын» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам» атты тақырыпта әдеби-поэзиялық кеш өтті.

Мұндағы мақсат – жиырма жеті жас ғұмырының өзінде жүздегі абыздың айтып кеткен ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын оқырмандарға насихаттау, жас оқырмандарды кітап оқуға баулу болып табылады. Кеш барысында №276 мектептің оқушылары ақынның өмірімен таныстырса, №249, 226, 70 және №16 мектептің оқушылары ақын өлеңдерін жатқа оқыды.
Шара соңын аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры И.Назарова сөз сөйледі.
– Қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кеткен реалист-ақынның кейінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасын дәріптеу баршамыздың міндетіміз, – деп қортындылап, кешке белсене қатысқан оқырмандарды алғыс хатпен марапаттады.
Серік АҚМЫРЗА
25 қараша 2023 ж. 445 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031