Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар әдебиетінің бәйтерегі

Балалар әдебиетінің бәйтерегі


Жақында аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты жыр сағаты өтті.


Сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер, алпыс жылдан астам уақыт әдебиет майданында жемісті еңбек еткен. Сонымен қатар балалар әдебиетінің ұясы атанған «Балдырған» журналын 25 жылдан астам уақыт басқарған ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылығын жас жеткіншектерге насихаттау ұйымдастырушылар мақсаты еді.
Шарада Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің 6 «д» сынып оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа оқып, ертегіден қойылым көрсетіп, ақынның сөзіне жазылған «Ақмаңдайлым», «Маралдым» әндерін орындап өз өнерлерін көрсетті.
Жүргізуші Ж.Көмекбаева автордың жұмбақтарынан ойын ұйымдастырып, оқушыларға дайындаған тәтті сыйларын тарту етті. Кеш соңында кітапхана директоры И.Назарова Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Есқарақызын және жыр сағатына белсене қатысқан оқырмандарды алғыс хатпен марапаттады.
Серік АҚМЫРЗА
25 қараша 2023 ж. 479 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930