Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар музыка мектебіне – 55 жыл

Балалар музыка мектебіне – 55 жыл

Биыл Қорқыт Ата атындағы аудандық балалар музыка мектебіне 55 жыл. Осыған орай бүгін өнер ордасында «Самғатқан сан шәкіртті алтын ұям, иеленген есімін Қорқыт бабам!» атты салтанатты шара өтті.
Еңселі ғимараттың алдына жиналған қонақтар алдымен «Бар түркіге ортақ абыз – Қорқыт баба!» атты театрландырылған көріністі тамашалап, ерекше әсер алды.
Салтанатты шараға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, ұстаздар мен жас өнерпаздарды мерейтоймен құттықтады. Мектептің ардагерлерімен бірге Қорқыт Атаның шағын ескерткішін салтанатты түрде ашты.
Мұнан соң мерейтойға жиналғандар музыка мектебінің акт залында өткен концерттік бағдарламаны тамашалады.
Концерттік шараны ашқан аудандық балалар музыка мектебінің директоры Сәукен Әліш өнер ұжымына аса қажет фортепиано (рояль) аспабын алып берген аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлына алғысын жеткізді.
Мерейтой аясында ұйымдастырылған шара Қорқыттың «Ұшардың ұлуы» күйімен басталып, Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен аяқталды.
Айта кетейік, жарты ғасырдан астам тарихы бар аудандық балалар музыка мектебіне 2016 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен күллі түркі дүниетанымының негізін қалаушы, Ұлы абыз, данышпан-философ, ғұлама композитор Қорқыт Атаның есімі берілді.
Аудандық музыка мектебі – музыкаға құштар балалардың ыстық ұясы, жас талапкерлердің талантын тербететін алтын бесігі.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
01 қараша 2019 ж. 1 959 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031