Тәрбие орынбасарларының тартысы

Тартысқа толы өткен турнирдің нәтижесіне сай – бірінші орынды №249 мектеп-лицей атынан сынға түскен «Риторика» командасы мүшелері Мафруза Тикеева мен Гүлнар Аяпова жеңіп алды. Екінші орынды «Руханият» командасы №88 орта мектеп өкілдері Талғат Әбдіраманов пен Асылбек Қаналиев иемденді. Үшінші орынды №16 мектеп-лицейдің «Найзағай намыс» командасынан Асан Нураддинов және Алмира Нарманова мен №266 мектеп-лицейден келген Қалабай Күлдеев пен Алтынай Ысқақова бастаған «Лидер» командасы қанжығасына байлады. Ал №92, №103 орта мектептің «Жалаңтөс Баһадүр» командасы атынан қатысқан Сабит Ықыласов пен Бақыт Тәжібаевқа Алғыс хат табысталды.
Турнир барысында жүлделі орын алған командалармен қатар жақсы ойын көрсеткен №249 мектеп-лицейдің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мафруза Тикеева «Үздік спикер», №70 мектептен Айбек Тұрымбетов «Үздік сарапшы», №88 мектептен Асылбек Қаналиев «Үздік оратор», №266 мектеп-лицейден Алтынай Ысқақова «Дебаттық креатив» номинациясымен марапатталды.
Р.ҚАЙРАТҰЛЫ