Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылар арасында тартысты турнир өтті

Оқушылар арасында тартысты турнир өтті

Қазалы ауданы бойынша білім бөлімі мен Абай атындағы №90 орта мектептің А.Қоңқаева жетешілік ететін «Парасат» дебат клубының  ұйымдастыруымен «Келешектің тұтқасы білімді ұрпақта» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық дебат турнирі өтті.
Турнирге барлығы 12 білім ошағынан 20 команда қатысты. Қатысушы командалар екі топқа бөлініп, өзара қызықты ойын өткізді.
Мектеп оқушылары белсенділік танытқан аудандық турнирдің нәтижесі бойынша бірінші топ мүшелері №90 орта мектептің «Азимут» командасы жеңіс туын желбіретті. Ал ІІ орынды №94 орта мектептің «Самұрық» командасы алса, ІІІ орынды №16 және №17 мектептерден құралған «Интеллект»командасы мен №276 орта мектептің «Жалын» командасы місе тұтты.
Ал турнирдің екінші тобында №17 орта мектептің «Мұғжиза» командасы І орынды қанжығасына байлады. Сонымен қатар, №266 мектеп-лицейдің «Лидер» командасы ІІ орын және №88 орта мектептің «Жалын» командасы мен №276 орта мектептің «Жалын» командасы ІІІ орынды тең етіп бөліске салды.
Дебат қорытындысында ұйымдастырушылар қатысушы оқушыларға алғысын білтіріп, жақсы ойын көрсеткен мектептер мен үздік ойыншылар арнайы алғыс хаттармен және номинациялармен марапатталды.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

25 қараша 2022 ж. 744 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 129

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031