Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз өмір ғажап

Есірткісіз өмір ғажап

«Дені сау бала әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты бала халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі»-дегендей Сара Назарбаева, менде есірткісіз өмір ғажап дегім келеді. Мен есірткі қолданатын жасөспірімдерді ұзақ уақыт бақыладым балғын балалықшақтарын, өз отбасыларын, алтындай уақыттарын есірткімен айырбастаған. Өте өкінішті әрине. Елімізде 100-ден астам жасөспірім толықтай есірткіге тәуелді.
Есірткінің бастауы жасөспірімдер арасында шылым тартудан бастау алады екен. Оң-солын толық ажырата алмайтын жасөспірімдер бөгдеге еліктеймін деп, қандай күйге түскенін білмей қалады. Нәтижесінде нашақорлыққа, есірткіге, маскүнемділікке және т.б. зиянды заттарға әуестенеді. Есірткіге әуестенген адам алғашқы сәттерде ләззат аламын деп ойлайды, бірақ олар өз денсаулықтарын құртып жатқанын білмейді.
Нашақорлықпен ауыратын адамдар көп өмір сүрмейді. Ол адам өміріне қауіпті АИТВ, ЖҚТБ ауруларына әкеледі.26 маусым - бүкіләлемдік нашақорлыққа қарсы күрес күні. Жыл сайын осы күні көптеген үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.Есірткіден емделеміз деген жастарға еліміз үлкен қолдау көрсетеді. Облыс орталықтарында қалалық емханаларда 76 алғашқы көмек көрсететін орталықтар және аудандарда 212 арнайы кабинет жұмыс істейді.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсам,мен «Есірткісіз өмір ғажап» ұранымен жастарға үгіт-насихат жүргіземін.
Зере МИРІМЖАН,
10 сынып оқушысы
Басықара ауылы
10 қараша 2023 ж. 437 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 173

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031