Мен саған есірткі туралы айтып беремін...
Сәлем досым! Сен өз достарыңның бос уақыттарында қандай іспен айналысып,қандай істерге қызығатынын білесің бе? Сені өзің қаламайтын заттарға қызықтырып,құмарландыра ма? Саған достарыңның істері мен қылықтары ебедейсіз көрініп, саған таныс емес ұнтақты немесе басқа да беймәлім дәрітектес таблеткаларды жиі пайдаланатыны байқалама?
Иә,сен дәл қазір менің не туралы айтып отырғанымдытүсіндің.Бұл – есірткі. Бұл - есірткіге әуестік.Көп жасөспірімдер есірткіге қызығамын деп өздерінің бал дәурен балалық шақтарын, жарқын болашақтарын өз қолымен өзі құртуда. Жасөспірімдер тез қызыққыш, бейімделгішкеледі және оларды есірткі қолдануға «жәй қызық ретінде пайдаланып көремін», «тек бір рет қана,одан кейін қойып кетемін» немесе «достарымда қолданады ғой» деген ойлар итермелейді. Осындай ойларға еріп, есірткінің жетегінде кетудің соңы есірткіден мүлдем алшақтай алмайтын, өз болашағын есірткісіз елестете алмайтын адамға айналуға әкеп соқтырады.Қазіргі жастардың ең басты кеселі - темекі шегу болып табылады.Жәйғана бір тал шөпті түтіндетудің зардабы біздің ұрпақтарымызға да тиетіндігін біз ескере бермейміз.Қазіргі таңда тұқым қуалайтын қатерлі аурулардың басым бөлігі темекіге тәуелділіктен бастау алатынын ескеруіміз қажет.Ал ондай аурулар біздің ғана емес,біздің соңымыздан өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздіңде өмірін ойпаттамасына кім кепіл?Бір сәттік рахат қаншама бақытты сәттерді ұрлайтынын білеміз бе?Ал бізге осындай азап қажетпе, досым? Бір сәт болсын, ойланып көрші... Жоқ, әрине, біз есірткінің қалың шырмауында, қара түнекте емес,шаттық пен бақытқа толы ғажайып заманда өмір сүруге лайықтымыз.Егер біз салауатты өмір салтын ұстанып,өмірімізді жарқын етсек,өз болашағымыздың іргетасын мықты етіп қалар едік.
Есірткісіз өмір ғажайып! Осыны есімізде ұстайық! Есірткіге тәуелді болып,нашақор атанып,ата-анамызды сары уайымға салғаннан және өз арман-мақсаттарымызды терең қараңғылықтың құдығына тастап жіберіп,қапаста өмір сүрсек өзімізге де, өзгеге де еш сауап әкелмейтінімізайдан анық. Егер біз өз болашағымыздың жарқын болғанын қаласақ, осы кезден жақсы, бақытты өмір сүруге қызықсақ, алға ұмтылуымыз керек.Есірткіні еркімізден тыс біреудіңайтқанымен жүріп пайдалансақ, темір тордың артында, мұз қапаста күн кешу бұйырады. Ол – нағыз қорқыныш!Өз отбасымызбен бақытты ғұмыр кешіп,өз шаңырағымыздың отын өзіміз тұтатқан әлдеқайда жақсы емес пе?
Иә, досым, сен менің сөздерімнен көп нәрсе ұқтың деген ойдамын. Есірткісіз өмірді таңдап, жарқын болашақтың іргесін бірге қалайық!!! Мен сені есірткісіз жарқын өмір сүруге шақырамын!
Аида ПАНАБЕК,
Қ.Нұрмаханов атындағы
№95 орта мектептің 9-сынып оқушысы
Қ.Нұрмаханов атындағы
№95 орта мектептің 9-сынып оқушысы