Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Берік отбасы – есірткіден алыс!

Берік отбасы – есірткіден алыс!

Есірткі –  қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі. Адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір саналы тұлға денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау жан еңбекке әрқашанда құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны көп. Есірткі адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, әрі тыйым салынған химиялық зат. Ол кез келгеннің есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын халге жеткізеді. Ал есірткінің қармағына іліккен одан оңай құтылып кете алмайды.
Жарық дүниенің есігін ашқан әрбір адам бұл өмірден өз орнын тауып, бақытты болуды армандайды. Мақсатын саралап, дұрыс жол таңдау әркімнің өз қолында. Жақсы адам атану үшін ақ адал түзу жолмен жүру қажет. Өйткені таңдаған қисық жолың сені жамандыққа жетелейді. Дегенмен адамның салауатты өмірінің күл талқанын шығарып, кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет – ол нашақорлық. Нашақорлық бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер, жас буын шалдығады. Есірткінің дәмін татқаннан кейін оның салдары бұзақылық жасау, қорлық көрсету тағы басқа да жағымсыз істер жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені, не үшін жүргені беймәлім болады. Сондықтан да есірткіге тәуелділер әсіресе, жастар тағдырына балта шабады. Оның басты себебі – еліктеушілік, отбасындағы тәрбиенің тізгіннен кетуі, немесе жанкүйзелісі, жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық болуы да мүмкін. Кейінгі есірткілік заттарды қолданатындардың көпшілігі – мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар. Оның себептері де әртүрлі.
Біріншіден, олар өз-өздеріне есеп бермейді. Өмірдің не екенін әлі жете түсінбейді. Екіншіден, бұл жаста әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Осы мінезден болашағына емес, бір күндік рақат-ләззатқа, қызыққа еліктеп, аяғын шалыс басқанын өзі де білмей қалады. Нашақорлық ұлт таңдамайды. Есірткіге құмарлық өмір бойы сақталуы мүмкін. Тек санаулылары ғана есірткіге тәуелділікті жеңе алады. Қауіптен құтылудың ең дұрыс тәсілі – оларды еш уақытта татып көрмеу. Дана халқымыз «Сақтанғанды сақтайды» дейді. Сондықтан жаман әдет, жат қылықтан аулақ болып, саламатты өмір салтын ұстанғанымыз жөн.
Аты жаман, заты харам бәлемен,
Күрессе екен, күрессе екен бар әлем.
Есірткісі түбегейлі тамырымен жойылса,
Есірткісіз өмір жолға қойылсын.
Күресейік жұдырық боп жұмылып,
Қалғандар көп абайсызда ұрынып.
Азаматтар асыл ерлер болашақ,
Айтқанымды ертең емес, бүгін ұқ! дегендей, өмірің жарқын, болашағың баянды болсын десең түзу жолдан тайма.
Жалғасбаевтар әулеті,
С.Сейфуллин атындағы №165 мектеп
12 ақпан 2022 ж. 788 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930