Үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды

Сот мәжілісінде құқық бұзушы Қ. Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесінің бойында мас күйінде көлік басқарғаны анықталды.
Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденді.
Қазалы аудандық сотымен құқық бұзушы Қ. әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 608 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі жазаға тартылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі