Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол жүрісінің қағидаларын бұзғаны үшін сотталды

Жол жүрісінің қағидаларын бұзғаны үшін сотталды

Қазалы аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі бойынша айыпталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот талқылауында анықталғандай, айыпталушы А. өзінің басқаруындағы «Ауди» маркалы автокөлігімен Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы арасындағы тас жол бойында келе жатып, Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі қағидасын» өрескел бұзып, жол қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етпестен, жолдың қарама-қарсы бағытынан тіке келе жатқан «ВАЗ 21214» маркалы автокөлігіне жол бермей соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде «ВАЗ 21214» маркалы автокөлігінің жолаушысы С.-ның денсаулығына орта дәрежелі зиян келтірген.
Сот отырысында сотталушы А. өз кінәсін толық мойындады. Ал, жәбірленуші С. сотталушыға кешірім бермейтінін көрсетіп, заң жүзінде жаза тағайындауды сұрады.
Сот үкімімен сотталушы А., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған көлік құралын басқару құқығынан 2 жылға дейiнгi мерзiмге айыру және 200 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
13 желтоқсан 2017 ж. 1 819 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 43

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031