Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада Әдеп жөніндегі кеңестің алғашқы көшпелі отырысы өткізілді

Қызылордада Әдеп жөніндегі кеңестің алғашқы көшпелі отырысы өткізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өз тарихында алғаш рет көшпелі түрде облысқа қарасты Шиелі ауданында өткізілді.
Осы кезге дейін тек облыс орталығында өткізіліп келген Кеңестің отырысын көшпелі түрде өткізудің мақсаты - сыбайлас жемқорлық қылмыстары көп орын алған аудандарға барып, аудан әкімдері мен сала басшыларының есептерін тыңдау, жергілікті мемлекеттік орган қызметкерлеріне салдарын түсіндіру болып отыр.
Көшпелі отырысқа Кеңес мүшелері, Шиелі ауданындағы мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Кеңес отырысында Шиелі ауданының әкімі Ә.Оразбекұлы аудандағы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағытында атқарған жұмыстары жайлы есеп берді.
Көшпелі отырысқа Шиелі ауданының таңдалу себебі, 2017 жылы ауданда сыбайлас жемқорлық сипатындағы 10 қылмыс тіркеліп,
5 лауазымды тұлғаға соттың айыптау үкімі шыққан болса, биылғы жылдың 5 айында 4 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 қылмысқа көбейген.
Сондай-ақ, ауданда 2017 жылы тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметшілер саны 45 болса, биылғы жылдың 5 айының өзінде 32 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған.
Кеңес мүшелері, аудан әкімі аудандағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептеріне мониторинг жасап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық шараларды күшейту керек деп шешті.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Мұхимов алдағы уақытта кеңестің көшпелі отырыстары аудандарда жалғасын табатындығын жеткізді.
07 маусым 2018 ж. 1 814 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 148

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 152

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031