Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы

Қызылордада Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Алдымен, Сырдария ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары бұзушылықтарының профилактикасы бағытында атқарған жұмыстары жайлы Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаевтың баяндамасы тындалып, кеңес мүшелерімен аудандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі талқыланды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе облыстық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары бұзушылықтарының профилактикасы бағытында атқарған жұмыстары жайлы басқарма басшысы М.Әлсеріковтың баяндамасы тындалды. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен Басқармаға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық шараларды одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізілді.
Бұдан кейін, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Ғ.Жақсылықовтың мемлекеттік қызметшілердің лауазымына сәйкес қызметтік міндеттері мен көлемі нақты белгіленуі бойынша лауазымдық нұсқаулықтарына және мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта қалуы бойынша жүргізілген талдау нәтижелері туралы хабарламасы тындалды. Кеңес мүшелерімен облыстағы мемлекеттік органдарда қызметкерлердің жұмыс уақытанан кейін жұмыста болу фактілері жүйелі түрде орын алып жатырғандығы аталып өтілді. Бұл ретте, алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан кейін, демалыс, мейрам күндері жұмыс жасау негізінде еңбек тәртібі сақталмаған жайғдайда, сол мемлекеттік органдар басшыларының тәртіптік жауапкершілігі қаралатындығы ескертілді.
Мемлекеттік қызметшілердің әдебінің деңгейін жетілдіру бойынша кешенді жоспарға сәйкес, алдағы Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстарында мемлекеттік қызметішлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын сақтау мен қамтамасыз ету мәселелері де қаралатын болады.
03 сәуір 2018 ж. 1 528 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930