Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бар мейірім– балаға

Бар мейірім– балаға

Жақында №93 орта мектепте «Бар мейіріміміз балаларға» атты мектеп жанындағы «Балбұлақ» жазғы тынығу лагерінің ашылуы өтті.
Балалардың жазғы демалысын қызықты өткізу мақсатында өткен салтанатты шараға мектеп басшысы, ұстаздары мен мектеп қызметкерлері және мектеп оқушыларының ата-аналары қатысты.
Көңілді кеші барысында мектеп басшысы Серікбол Сансызбаев оқушыларға алдағы 10 күнде жақсы демалып, уақытты тиімді әрі қызықты өткізулеріне тілектестігін білдірді.
– Құрметті балалар, бүгін мереке қарсаңында мектеп лагерінің ашылуы салтанаты керемет өтіп жатыр. Бұның барлығы әрине сіздер үшін. Осынау балғындарға қуаныш сыйлап, ұйымдасып жатқан барша жандарға алғысым шексіз. Демалыстарыңыз жақсы өтсін, – деді мектеп директоры.
Шара барысында оқушылар ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Нағашыбай Айхан, Серік Ақтоты, Темірбек Назгүл, Айша Нағашыбай сынды оқышылардың керемет өнеріне куә жұрт ду-қол шапалақ соқты.
«Балбұлақ» жазғы тынығу лагері жалпы қордан бөлінген қаражатқа 2-15 маусым аралығында жұмыс жасайды. Мұнда 30 бала тартылған.
С.Сансызбаев, Ж.Ілияс, Н.Жұбаниязов, Ж.Уксикбаев, Ұ.Тәуекелова, Қ.Өмірзақова, С.Бисеналиева, Б.Мақсатбаев, Ф.Боранбаева, А.Баймұратова сынды ұстаздар балалар күні мерекесі мен лагердің ашылу құрметіне орай кдемеушілік жасап балғындарды қуантты. Кеш соңында директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Уалиев оқушыларға сәттілік тіледі.
С.ӘЛИҰЛЫ
06 маусым 2023 ж. 276 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031