Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Шағала” жұмысын бастады

“Шағала” жұмысын бастады

Балалардың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері жазғы демалыс кезінде лагерден бастау алары сөзсіз. «Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз!», деп оқу жылы аяқталысымен жазғы тынығу лагерлеріне асыққан мектеп оқушыларының дәстүрге айналған мұндай тынығу мерзімі жыл айналып тағы да келді.
Соған сәйкес Қазалы қаласындағы «Шағала» балалар лагері 2 маусымнан бастап өз жұмысын бастап кетті.
Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Күнтілес Назымбеков және аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығында өткен лагердің жазғы маусымының ашылу салтанатына қатысып, өнерлі жеткіншектердің концерттік бағдарламасын тамашалады.
Сондай-ақ жазғы демалыс кезінде балалардың жақсы тынығып, уақыттарын тиімді пайдалануларына тілектестігін білдірді.
Қазіргі таңда тынығу лагерінде 129 оқушы демалуда. Балалар мұнда бес мезгіл тамақтанады. Олардың уақытты көңілді әрі тиімді өткізуі үшін 8 тәрбиеші еңбек етеді. Сол секілді демалушылардың денсаулығына арнайы дәрігер мен стоматолог жауап береді.

Қазалы ауданы әкімінің
баспасөз қызметі
06 маусым 2023 ж. 228 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930