Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бар жақсылық – балаларға

Бар жақсылық – балаларға

Әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, күміс күлкісін аялау – абыройлы міндет. Бүгінгі балдырған – ел ертеңі, ұлт жалғасы. Бар жақсылықты балаларға көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі – саналы болып ержетуінен қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы жарқын.
Осы ретте аудандық балалар кітап­ханасында балаларды қорғау күніне арналған «Балдырғанның бал күлкісі, әлемнің жарық жұлдызы» атты кеш өтті. Шараны аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Индира Назарова ашып, мерекелік жылы лебізін білдірді. Кітапхананың жас оқырмандары мен ата-аналары алдында өнерпаз балғындар өлең-тақпақтарын оқыды. №204, 234 мектеп пен №266, 249 мектеп-лицей оқушылары Әлішер Әбсұлтан мен Аружан Өтемағамбет, Нұржігіт Бақытжан, Мейірбек Тілеулес, Манас Жылқайдаров, Көркем Ермаш әсем әннен шашу шашты. Б.Мергенбаев атындағы №226 гимназия шәкірті Сағди Есқара құйқылжыта күй орындады. Кеш соңында көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған шәкірттерге сый-сияпат көрсетілді.
Салтанат БЕКМАМБЕТОВА

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде Қазалы ауданының психо­ло­гиялық-медициналық-педаго­гикалық-консультация мекемесінің ұйым­дастыруымен, ерекше қолдауды қажет ететін балалар арасында «Екі жұлдыз» сайысы өтті.
Бәсекенің мақсаты – еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл-қыздарды тәрбиелеуге бағытталды. Өнерпаздарды жан-жақты зерттеп, әнді көпшілік алдында қысылмай еркін орындауға бейімдеуге, кәсіптік шеберлігін шыңдауға назар аударылды.
Іс-шараға қатысушыларға аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбілқасым Роман, ПМПК меңгерушісі Айгүл Тлеумбетова игі тілегін айтып, сәттілік тіледі.
Сайыс барысында шәкірттер белгіленіп шартқа сай өнерге деген ынта-ықыластары мен қабілеттерін танытты. Барлық ерекше көзге түскен балаларға бағалы сыйлықтар мен аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты табысталды.
Ата-аналар кешті ұйымдас­тыру­шыларға шы­найы ризашылықтарын білдіріп, көтер­ің­­­кі-көңіл күймен тарасты.
Айнагүл ЕЛЕУСІЗОВА,
ПМПК дефектологы

№5 кенттік кітапхана №204 мектеп жанынан ұйымдастырылған «Болашақ» жазғы тынығу лагерімен бірлесе балаларды қорғау күніне орай «Тілегіміз бейбіт күн» атты ертеңгілік өтті.
Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, өлеңдерді, әндерді нақышына келтіре айтуға үйрету, бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін қадірлеуге бағытталған шарада Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің жанындағы «Болашақ» жазғы тынығу лагерінің тәрбиеленушілері Еңлік Қамбар, Жания Ерболат, Дамир Сүлеймен әннен шашу шашып, мың бұрала би биледі.
Ертеңгілікті қортындылаған тынығу лагерінің тәрбиешісі Бегалы Ботагөз: «Жас ұрпақ – ертеңгі ел үміті. Сондықтан да ұрпағымыз аман болсын» деген жүрекжарды тілегін білдіріп, бүлдіршіндерді Алғыс хатпен марапаттады.
Айгүл ЖҰБАН,
№5 кенттік кітапхананың кітапханашысы

Қазалы аудандық білім бөлімі мен аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара болды. Онда “Ойын сауық” орталығының демеушілігімен кабинетке келетін 3-10 жас аралығындағы 35 бала шат-шадыман қуанышқа кенелді. Аудандық мәдениет орталығында «Нұрлы болашақ – балалар көзімен» тақырыбында 3 сынып оқушылар арасында сурет байқауы өткізілді. Бұл байқауға кабинет атынан С.Қалберген жетекшісі педагог-психолог – М.Садрадинова қатысып екінші орын иеленіп, аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды. “Ойын сауық” орталығының басшысы Әділет Қарымсақовқа ата аналар мен кабинет мамандары шынайы ризашылықтарын білдіріп, еңбегіне табыс тіледі.
Гүлсін БАҚТЫБАЕВА,
медстатист

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақсуат ауылындағы №100 орта мектеп жанынан «Айгөлек» күндізгі тынығу лагері ашылды. Шарада мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сұлтан Көшімбетов балаларды мерекемен құттықтап, жазғы демалыс уақытын қызықты өткізулеріне тілектестігін білдірді.
Қазір лагерьде 44 бала демалуда. Олар тынығу орнында түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысып, спорттық сайыстарда бақ сынайды. Мерекеге орай лагерьде концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Онда оқушылар ән айтып, би билеп, кештің көркін қыздырды.
Ғалия ЖАКЕЕВА,
№100 орта мектептің мұғалімі
04 маусым 2019 ж. 2 117 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930