Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 136 мыңнан астам оқушы жазғы демалыспен қамтамасыз етіледі

136 мыңнан астам оқушы жазғы демалыспен қамтамасыз етіледі

Биыл жазғы демалыста Қызылорда облысының білім беру мекемелеріндегі 1-10 сыныптағы барлығы 136200  оқушы облыстық және республикалық жазғы тынығу лагерьлерінде, спорт клубтары мен үйірмелерінде демалады. 
Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Сырдария» лагеріне барып, демалып жатқан балалармен кездесті. Мұнда 499 жеткіншек жазғы демалысын өткізуде.
Аймақ басшысы балаларға жақсы демалыс тілеп, сыйлықтар табыстады.
«Денсаулықтарыңды нығайтып, жаңа дос табуға және жақсы демалыстан кейін қайтадан оқуға кірісулеріңізге тілектеспін», - деді аймақ басшысы.
«Сырдария» лагерінде түрлі танымдық және спорттық үйірмелер ұйымдастырылған, балалар үшін экскурсия өткізу қарастырылған.
Атап өтейік, 2017-2018 оқу жылы Қызылорда облысында 136 астам оқушы, немесе жалпы оқушылар санының 97 пайызы, жазғы демалыспен қамтылатын болады. Оның ішінде 9 жазғы тынығу лагерлері 7 ауысымда демалушыларды қабылдаса, 111200 бала мектеп жанындағы жазғы лагерлерге бармақ.
Одан бөлек, оқушылар үшін аймақтың көрікті жерлеріне экскурсия мен түрлі спорттық-танымдық секциялар және үйірмелердің жұмысы ұйымдастырылады.
10 маусым 2018 ж. 1 572 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 72

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 76

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 59

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930