Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала шақтан болашаққа

Бала шақтан болашаққа

Ғ.Мұратбаев атындағы №91 орта мектеп ұстаздары 11 жыл бойы білім нәрімен сусындап, бір отбасының мүшелеріндей боп кеткен шәкірттерімен қоштасты. Өмірдің үлкен жолына бастап, асқар шыңына жетелейтін, ерекше есте қалатын күнде жасөспірімдер толқулы болды. Өйткені қиял қанатына ілесіп, армандарын арқалаған армандастар алтын ұяларынан біржола түлеп ұшады. Олар үшін сыңғырлаған жез қоңыраудың үні соңғы рет соғылады.
№91 орта мектеп директоры Дархан Алдабергенов биыл Айжан Әбдіқами мен Мейрімжан Иман «Алтын белгіге» үміткерлер қатарын толықтырып отырғандығын жеткізді. Қос өренге алдағы сынақтан сүрінбей өтіңдер деген шынайы ықыласын білдірді. Балалық шақтан болашаққа қадам басқан өзге де түлектерге сәттілік пен ақжолтай тілегін айтты.
Соңғы қоңырау салтанатында сондай-ақ, аудан әкімінің кеңесшісі Берік Бисембаев, Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің әкімі Абай Рыстығұл, ұстаздар: Айманкүл Садықова мен Мәруа Мағауиева және ата-аналар жылы лебіздерін жеткізді.
Кеш барысында 10 сынып оқушылары М.Әбілқасым мен З.Әбдімәліковаға аманат кітабы табысталды. Білім кілтін 1 сынып оқушылары Темір Нұртөре мен Нұрсезім Нұржаубай қабылдап алды.
А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
28 мамыр 2018 ж. 1 963 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 102

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 107

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 79

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 86

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031