Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен таңдаған мамандық

Мен таңдаған мамандық

Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектепте мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында кездесу кеші өтті.
Кешке түрлі сала мамандары қатысып, өз мамандықтарының қыр-сырын сөз етті. Жалаңтөс батыр ауылының еңбек ардагері Қабыл Жетесов ауылшаруашылық саласы мамандарының жетіспейтіндігін тілге тиек етіп, түлектерді дұрыс таңдау жасауға шақырды. Қарашеңгел ауылдық округі әкімдігінің заңгері Маржан Алтынбаева, кітапхана меңгерушісі Шұғыла Абашова, клуб меңгерушісі Ербол Ізтілеуовте мамандықтары туралы айта келе, мектеп бітірушілерге алдағы сында сәттілік серік болсын деп тілек білдірді.
«Бүгінгі шәкірт – ертеңгі болашақ. Сондықтан олардың бүгінгі мен келешегі бәрімізді де алаңдатары сөзсіз. Жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, болашағына дұрыс бағыт сілтеу – ұстаздар қауымының міндеті болса керек. Бұл ата-аналар қауымына да ортақ іс. Сондықтан бүгінгі кештегі ақыл-кеңес оқушыларға үлкен ой салып, болашақта қалар мамандықтарын қателеспей табуына көп түрткі болды – деді мектептің ұйымдастырушы педагогы Нұржамал Ідірісова.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ
03 мамыр 2018 ж. 3 110 0

Көкем қайта келе ме?

20 тамыз 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031