Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 13 қаңтарда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 25 м/с күшеюі ықтимал.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын болжанады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с артады.
Абай облысынның солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігі мен орталығында екпіні 25 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғып, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желдің күші облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с құрайды.

Павлодар облысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы солтүстік пен шығыста 15-20 м/с құрайды.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман болады. Желдің күші – 15-20 м/с. Түнде өңірдің басым бөлігінде 30-33 градус қатты аяз күтіледі.

Түнде Түркістан облысының басым бөлігінде 25-27 градус қатты аяз болады.

Түнде Шымкент қаласында 25 градус қатты аяз күтіледі.

#Қазгидромет #ескерту
13 қаңтар 2023 ж. 123 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды