Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашағы жарқын балабақша

Болашағы жарқын балабақша

Дүние есігін алғаш ашқан әр сәби отбасында ата-әжесінің, әке-анасының және бауырларының махаббаты мен жылулығына бөленіп өседі. Өздерінің қалыптасқан отбасылық құндылықтары арқылы тәрбиеленеді. Ал білім мен тәрбие беретін балабақшада жаңашылдық пен заманауилықты ұштастырып, елін сүйетін, адамгершілігі қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеуге үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Бүгінде сол үдеден шыға білген Жалаңтөс Баһадүр ауылындағы №14 «Сәуле» бөбекжай-балабақшасы 5 жылдан бері тынымсыз халыққа қызмет көрсетуде. Балабақшада 5 топ бар. Бүлдіршіндерге тәлім тәрбие беруде 22 педагог маман 90 баланы тәрбиелеуде. Сонымен қатар балабақшада ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға баса назар аударуда. Оларға арнайы логопедиялық кабинет қарастырылған.
– Еліміздің ертеңі жан-жақты дамыған, білім бәсекесіне қабілетті, рухы мықты ұрпақтың қолында екені белгілі. Тәуелсіз мемлекеттің бүгінгі көрінісі, болашағының кепілі – кемел білім беруде. Осындай жауапкершілігі зор үлгілі азаматтар тәрбиелеу – балабақша табалдырығынан басталады.
Балабақша тәрбиешілері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын басшылыққа алып, ел патриоттарын қалыптастыруда қазақи ұлттық нақыштағы педагогикалық тәсілдерге баса назар аударады. Соған байланысты балабақшада арнайы бір бөлме бөлініп, қараша үй үлгісінде жабдықталған, – дейді меңгеруші міндетін атқарушы Нұргүл Түлебаева .
Балабақша ұжымы аудандық және облыстық деңгейдегі өткізілген іс-шараларға әрдайым белсене қатысады. Атап айтқанда, аудандық білім бөлімімен бірлесе ұйымдастырған «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің заманауи жағдайында ата-аналар мен педагогтардың әлеуметтік серіктестігін дамыту» атты аудандық семинарында жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар «Қазақ халқының мәдени мұрасы негізінде рухани адамгершілік құндылықтардың дамуы» атты аудандық педагогикалық оқуы ұйымдастырылды. Нәтижесінде балабақша тәрбиешісі Клара Абашова екінші орын иеленді.
Бұдан бөлек «Денсаулығы сәбидің қуанышы әр үйдің» атты аймақтық спорттық сайысқа қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Облыстық оқу орталығы ұйымдастырған «Дарынды балаларды анықтау және олармен жұмыс жасау ерекшеліктері» тақырыбындағы облыс деңгейіндегі тәжірибе алаңында балабақша меңгеруші міндетін атқарушы Нұргүл Түлебаева жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін марапатқа ұсынылды.
Жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді педагогтар қауымы болып, ең бастысы ата-аналармен бірлесе жүзеге асырса, ел болашағы жарқын болмақ.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
01 қаңтар 2023 ж. 750 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930