Тәрбие талабы – жаңашылдықта
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруде тиімді заманауи әдістер мен технологияларды қолдану маңызды. Ертеңгі ел болашақтарына бастапқы балабақшадағы тәлім беру үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы саналады. Осы мақсатта «Ақбота» бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруде тиімді заманауи әдістер мен технологияларды қолдану» тақырыбында педагогикалық оқу ұйымдастырылды.
Қатысушыларға сәттілік тілеген балабақша меңгерушісі Б.Жолболды алғысөзімен ашса, аудандық білім бөлімінің әдіскері Л.Тілекқызы тақырып маңыздылығына тоқталды.
Шараға аудан балабақшаларынан 14 тәрбиеші қатысып, өздерінің жаңашыл тәжірибесімен бөлісті.
Педагогикалық оқу нәтижесі бойынша №11 «Балапан» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі Л.Бердіжарова баршадан озық деп танылса, екінші орынды №28 «Ақбота» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі М.Көмекбаева мен №21 «Алпамыс» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі Н.Нұрылла алды.
Үшінші орынды №23 «Қарлығаш» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі Н.Жанәбіл мен №4 «Шұғыла» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі Ж.Қожахметова қанжығалады. №2 «Айгөлек» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі Л.Жансапова алғыс хатпен марапатталды.
Қорыта келгенде, аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн деп санаймыз. Бүгінгі барлық көрсетілген сабақтар мен жұмыстарды назарымызға алып, балаларымыздың одан әрі көркейіп дамуына бәріміз үлес қосайық.
Рсалы БЕРЖАНОВА