Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақытты бүлдіршіндердің білім ұясы

Бақытты бүлдіршіндердің білім ұясы

Жанқожа батыр ауылында «Жауқазын» деп аталатын балабақша бар. Ауласы гүлмен көмкеріліп, жасыл желек жайқалған білім ордасында қазір тоқсан бүлдіршін тәрбиеленуде.
Бұл балабақшаның негізі 1965 жылы қаланып, бір топпен ашылған. Одан кейін 1980 жылы балабақшада екі топ жұмыс істейді. Арада жылдар өте бала саны артып, топ үшке жеткен. 2014 жылы Жанқожа батырдың 240 жылдық мерейтойы қарсаңында 90 орындық жаңа балабақша бой көтеріп, 2015 жылдың шілдесінде пайдалануға берілді. Онда «Балапан», «Қарлығаш», «Еңлік», «Сүйрік», «Ақләйлек» аталатын бес топ бар. 2016 жылдан бастап ағылшын тілі маманы мен хореограф жұмысқа алынып, балалардың тілін жаттықтырып, шет тілін меңгертуде және өнерлі өрендер тәрбиелеуде бар білімі мен тәжірибесін жұмсауда. Балабақша меңгерушісі Жанар Түменбаева.
Ғимарат іші мұнтаздай тазалығы мен қабырғаға ілінген түрлі суреттер, ертегі кейіпкерлерінің бейнелері, арнайы отырғызылған гүлдер сырттан кірген адамды еріксіз өзіне тартады. Сондай-ақ заманауи технологиялармен толықтай жаб­дық­талған. Тәрбиешілер интерактивті тақ­­таның көмегімен оқу іс-әрекетін жүр­гізеді. Балабақшаның ерекшелігі бүл­дір­шіндерді бір жастан қабылдайды. Ұжымда 43 қызметкер жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы басшылыққа алынып, оқу, тәрбие үрдісі жүргізіледі. Педагог мамандарға шығармашылықпен жұмыс жасауда білім мен тәрбие беру саласындағы еңбек өтілі 31 жылдан асқан балабақша әдіскері Сәнімкүл Ерімбет ақыл-кеңесін айтып, бағыт-бағдар береді. Балабақша ішінің көркем бейнесі мен әсем суретер бейнеленген қабырғасы көздің жауын алады. Бұл еңбектердің барлығы – саусағынан өнер тамған тәрбиешінің көмекшісі Ақкенже Мурзинаның еңбегі.
Үлкен ұжымды ұйытып, үлгілі істерге бастамашы болып отырған Жанар Берікқызы бізді жылы шыраймен қарсы алды. «Баламен жұмыс істеу – ең күрделі мәселе. Бүлдіршіннің бойындағы барлық білім мен тәрбиенің іргетасы балабақшада қаланатындықтан бұл тәрбие орнындағы әрбір қызметкер қабілетті, жауапты әрі терең білімді болуы қажет. Бұл орайда бізде барлығы жоғары білімді тәжірибесі мол мамандар балғындарға тәлім береді. Бала жас шыбық сияқты, оны енді ғана гүлдеп келе жатқан сәтінде қалай баптап, суғарсаңыз, кейін нәтижесін өзіңіз көресіз. Біз ата-аналардың үмітін ақтауда және еліміздің ертеңгі ғалымдары мен спортшыларын, ұстаздары мен дәрігерлерін, өзге де түрлі кәсіптің тұтқасын ұстар азаматтарды тәрбиелеп шығуда жастық жігеріміз бен бойда бар білімімізді аямаймыз», – дейді балабақша меңгерушісі.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

18 қыркүйек 2018 ж. 2 276 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031