Аты аңызға айналған Бибігүл Төлегенованың туған күні
Аты аңызға айналған Бибігүл Төлегенова туған күнін атап өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Қазақстан халқы үшін ең басты мереке - Тәуелсіздік күні, сонымен қатар, бұл мерекені және өзінің туған күнін ұлы әнші, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР-ның Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның көп марапатының иегері, бірегей лиро-колоратуралық сопраноның иегері - Бибігүл Ахметқызы Төлегенова тойлап жатыр.
РекламаБибігүл Ахметқызы өзінің 70 жылдан аса шығармашылық жолында жүздеген опералық партияларды орындап, "Дала қызы", "Біздің сүйікті дәрігер", "Бұл Шұғылада болған", "Тақиялы періште" фильмдерінде өзіндік бейнелер жасаған, ал аты аңызға айналған әншінің орындауындағы ұмытылмас "Бұлбұл" айтуы дүние жүзіндегі өнер сүйер қауымның есінен мәңгі шықпас. Бүгінгі таңда ондаған өнерпаздың дамуына жаңа серпі және әлемдік аренаға жолдама берген Бибігүл Төлегенова атындағы вокалистер 11 Халықаралық байқауы өткен. Сонымен қатар, бір емес, бірнеше ұрпақ Бибігүл Ахметқызының бойындағы дарындылығына, еңбекқорлығына, табиғи сұлулығына ғана емес, шексіз мейірімділігіне, инабаттылығына, отанға деген сүйіспеншілігіне тамсанады.
Бибігүл Ахметқызын туған күнімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, амандық тілейміз! Біз қазақстандық опера өнерін дамытуға бағытталған бірлескен жобалар, жастардың рухани дамуына күш салып, баға жетпес білім беруге қажымас ұмтылысы үшін, адамдық қадір-қасиеті мен құрметтің үздік үлгісі үшін зор алғысымызды білдіреміз!