Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақтың қаһарман қызы

Қазақтың қаһарман қызы

Биыл қазақтың әнші еркесі, КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы кеңестің және қазақтың опера әншісі Р.Бағланованың туғанына 100 жыл. Аңызға айналған әншінің мерейтойы құрметіне түрлі шаралар атқарылып жатыр.
Көктемнің алғашқы күні Елордадан бастау алған Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы Сыр өңірінде жалғасын тапты. Қызылорда қаласында Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында Қазақстанның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың қаһарман қызы» атты мерекелік концерт өтті.
Бұл мерекелік шара облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың концертті өткізуге келген елдің танымал өнер жұлдыздарымен кездесуден басталды.
Аймақ басшысы Халық қаһарманы, қазақтың бұлбұлы атанған Роза Бағланованың ізін жалғап, әндерін насихаттауда өнер иелерінің айрықша орны бар екенін жеткізіп, ілтипатын көрсетті.
«Айтулы концертке қазақтың ән өнерін асқақтатып, ұлт мәдениетін көтеруге еңбек сіңіріп жүрген өздеріңіздің қатысып, өнер көрсетулеріңіз Сыр жұртшылығы үшін үлкен мақтаныш деп білемін.
Бүгін Сыр елінде ән мен өнер мерекесі ғана емес, ұлт руханиятының жаңғырған күні десе болады. Өнер көшінде Сіздер тұрғанда ән падишасы, қазақтың қаһарман қызы Роза Бағланованың есімі ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беретіні сөзсіз», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Концертте Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, Сұлушаш Нұрмағанбетова, Алтынбек Қоразбаев, Гүлнәр Сиқымбаева, Жеңіс Сейдуллаұлы, Жеңіс Ысқақова, Игорь Благодарный, Айгүл Иманбаева, Асхат Үрпеков, Шаба, Нұрлан Албан, Бауыржан Исаев пен Зарина Жакенова сынды әртістер мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі өнер көрсетті.
Өнер майталмандары Нұрғали Нүсіпжанов, Алтынбек Қоразбаев пен Сұлушаш Нұрмағанбетова Роза Бағланованың өнер әлеміндегі қолтаңбасын сөз етіп, Сыр жұртының өнер иелеріне деген құрметі үшін алғысын жеткізді.
Мұнан соң, өңір басшысы ұлт өнерінің майталмандарына Сыр халқы атынан сый-сияпат жасап, құрметін көрсетті.
Айта кетейік, қазақ өнерінің біртуар әншісіне арналған керемет ән кеші Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтті.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
26 сәуір 2022 ж. 879 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930