Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Әйтеке би кентінің тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Әйтеке би кентінің тұрғындарымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентінің тұрғындарымен кездесіп, халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында өткен кездесуде Мұхтар Әуесұлы алдымен ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды қысқаша айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды.
Мәселен, еңбек ардагері Кемал Көпжасар Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің алдына автотұрақ орнату, салынып жатқан тротуарлардың сапасын қадағалау, теміржол ауруханасының бас дәрігері Құбыл Ршымбетов Қарасақал Ерімбет көшесіндегі 48 пәтерлі көпқабатты үйге кәріз жүйесін орнату, еңбек ардагері Қасқырбек Мәмбетжан Т.Бөріқұлақов көшесіне тротуар салу, еңбек ардагері Өмірзақ Түктібаев ауданнан өндіріс орындарын ашу сияқты ұсыныстарын айтты.
Ал, Желтоқсан көшесі 28/30 пәтердің тұрғыны Болат Рысбай аудан әкімі Мұхтар Оразбаевқа көпқабатты үйдің тұрғындарының атынан алғысын айтып, ризашылығын жеткізді. Себебі, биыл көпқабатты тұрғын үйдің төбесі аудан басшысының тапсырмасына сәйкес демеушілердің қолдауымен толық жабылған.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев өз кезегінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстардың барлығы орынды екенін айтып, аталған мәселелер бойынша тұрғындарға нақты жауап берді.
Халықпен кездесуде аудан прокуроры Дарын Әбіш те сөз сөйлеп, елімізде алғаш рет прокуратура туралы заңға конституциялық мәртебе берілгенін жеткізді.
Жиын соңында тұрғындар ауданда жыл көлемінде атқарылған істердің барлығына ризашылықтарын білдіріп, алдағы атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі.
Тұрғындармен кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп, аудан прокуроры Дарын Әбіш, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ғани Құрманалиев және бірқатар дербес бөлім мен мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты.
Басқосудан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудан прокуроры Дарын Әбіш бірқатар тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, сұрақтарына жауап берді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
08 желтоқсан 2022 ж. 380 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 38

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 37

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 40

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 42

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031