Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Аранды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Аранды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Аранды ауылдық округіне арнайы барып, Аранды мен Қожабақы елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде Мұхтар Әуесұлы ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Сондай-ақ, күн суытып жатқанына байланысты қысқы жылу беру маусымына дайындықты осы кезден бастау қажеттігін айтты. Ауылдық округ әкімі Әбілғазы Томаевқа халықпен бірлесіп, жақын арада барлық тұрғындардың қыстық отынмен қамтамасыз етілуін тапсырды.
Басқосуда тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын аудан басшысының назарына ұсынып, ой-пікірлерін білдірді.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арандылықтардың тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер ескеріліп, алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қожабақы ауылына сапары кезінде «Айгүл» балабақшасына барып, апаттық жағдайдағы ғимаратты аралап көрді. Сонымен қатар, бу қазандығын жөндеу жұмыстарымен де танысты.
Балабақша ғимараты 1965 жылы салынған. Қазіргі таңда мұнда 90 бала тәрбиеленіп жатыр.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті сала басшыларына жаңадан салынатын ғимараттың жоба-сметалық құжаттарын дайындап, облыста салынатын нысандардың тізіміне енгізуді тапсырды.
#Қазалы
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
14 қыркүйек 2022 ж. 673 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 154

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 208

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 179

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 157

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 175

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930